Жолдау – елді әлеуметтің жаңғыртудың негізі

03.09.2019

Мемлекет пен қоғам арасында сенімділік жүйесін құрудың маңызды қадамы. Президенттің кешегі Жолдауындағы басым бағыттарды талдап, сараптама жасаған аузы дуалы сарапшылар, бірауыздан осылай деді. Айтуларынша, Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауы уақыт талабы мен қоғамның болжамдарына сәйкес келеді. Яғни, бұл – халықтың ойы мен қалағын дөп басу болса, екінші жағынан, Мемлекет басшысының сайлау алдындағы платформасын іске асыру аясында жүргізіп жатқан саясатының жүйелігі мен бірізділігін көрсетіп отыр. Сондай-ақ, дөңгелек үстелге жиналғандар, Жолдауда айтылған экономикалық реформалар саяси жаңғыртусыз мүмкін болмайды дегенді оң қабылдағандарын жеткізді. 

Ерлан Сайыров, саясаттанушы:

Жолдаудың ең басқы жағында Қазақстанның эксономикасы дамуы үшін біздің елде қоғамдық-саяси модернизация болу керек деп атап өтті. Бұл ел дамуындағы үлкен кезең деуге болады. 

Армангүл ТОҚТАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу