Сенаттың жаңа веб-сайты іске қосылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сенаттың жаңа веб-сайты іске қосылды

03.09.2019
Сенаттың жаңа веб-сайты іске қосылды

Веб-сайтқа http://senate.parlam.kz/ сілтемесі арқылы кіруге болады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Жаңартылған ресми сайт арқылы сенаторлармен байланыс жасау мүмкіндігі кеңейді. Сенат депутаттарының жеке парақшаларында өтініш не болмаса қызықтыратын сұрақтарды қалдыруға болады. Заң жобасын ұсыну айдарында кез келген азамат тұрақты комитеттердің қарауына заңдарды ұсына алады. Сондай-ақ, порталда маңызды құжаттар, заң жобалары, стеннограммалар толығымен жарияланды. Депутаттық сауалдар мен палатаның ұсыныстарын бөлек айдардан көруге болады. 

Сенаттың пленарлық отырыстары, комитет жиындары мен басқа да іс-шаралары тікелей эфир арқылы көрсетіледі.

Хабарламаларға жазылу