Премьер-Министр Асқар Мамин жолдауды жүзеге асыру жөнінде жиын өткізді

02.09.2019
Президент жолдауында айтылған басты мәселелер Үкімет үйінде қаралды. Бүгін Президент Қасым Жомарт Тоқаев Асқар Мамин бастаған министрлер кабинетіне сан түрлі саладағы жұмысты ширатып, жаңа бастамаларды жүзеге асыруға тапсырма жүктеді. Олардың ішінде, әсіресе экономиканы дамыту бойынша іс-шараларға ерекше екпін берілді. Президенттің бастамасын тиімді жүзеге асыру тетіктерін де жуық арада дайындау міндеті үкіметтің мойнына жүктеліп отыр. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру мәселесі ертеңгі Үкімет отырысында да талқыланады. 

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу