Маңғыстаудағы сайлау учаскелерінде саяси науқанның әділ өтуін 223 тәуелсіз байқаушы бақылайды. Олар алдын-ала дайындықтан өтіп, өз құқықтары мен міндеттері туралы білімдерін жетілдірді. Елімізде кезектен тыс Президент сайлауының өтуіне байланысты құрылған «Аманат» Азаматтық платформасы осы жұмыстарды жүйелі ұйымдастырмақ. Облыстық штабта тәуелсіз байқаушылардан бөлек, 10 мобильді қызметкер жұмыс істейді.
«Аманат» азаматтық платформасының теріскейлік өкілдері 651 адамға арнап тренинг өткізді. Оның ішінде журналистер мен тәуелсіз бақылаушылар бар. Бұл жайында өңірлік комуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғамдық ұйым өкілдері мәлімдеді. Сайлауға мониторинг жүргізу үшін белсенді азаматтар бірігіп, түсінідіру жұмыстарын өткізуде.
Ғалия Жалғасбай, «Аманат» азаматтық платформасы Маңғыстау облыстық штабының жетекшісі:
«Аманат» платформасының негізгі мақсатты миссиясы – осы сайлаудың әділ, ашық өтуіне қоғамдық мониторинг жүргізу. СКЛ Тәуелсіз бақылаушылар 223 облыс бойынша сайлау учаскелерінде сайлау күні, сайлауға дейін, сайлаудың қорытындысы бойынша өздерінің бақылауын жүзеге асырады. Және осы мәселер бойынша, облыстық деңгейде мониторинг қорытындыланатын болады.
Петропавлда «Аманат» азаматтық платформасының теріскейлік өкілдері 651 адамға арнап тренинг өткізді.
Оның ішінде журналистер мен тәуелсіз бақылаушылар бар. Бұл жайында өңірлік комуникациялар қызметінде өткен брифингте қоғамдық ұйым өкілдері мәлімдеді. Сайлауға мониторинг жүргізу үшін белсенді азаматтар бірігіп, түсінідіру жұмыстарын өткізуде.
Аягөз ОРАЛБАЙҚЫЗЫ