Науқан заң аясында өтуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Науқан заң аясында өтуде

07.06.2019

Сайлауалды үгіт насихат кезеңінде 8 факті бойынша сайлау заңнамасы бұзылған.  Дәлірек айтсақ 3 жеке, 4 заңды тұлға заңсыз сауалнама жүргізгені үшін жауапқа тартылды.  Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында өткен жиында Бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев айтты. Аталған фактілерден бөлек Нұр-Сұлтан қаласының бір тұрғыны кандидаттардың бІрінің үгіт қағазын қасақана  жыртқаны үшін жазаланған. Барлық деректер бойынша  30 және 15 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынған. Жалпы алғанда, электоралды кезең заң аясында өтуде деді қадағалаушы орган өкілі.

 

Болат Дембаев, ҚР Бас прокурорының орынбасары:

 

Бұдан өзге айтарлықтай, өрескел заң бұзушылық фактілері тіркелген жоқ. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары заң аясында өтті. Сайлау барысында да заңсыздықтарды қадағалап отырамыз және дер кезінде әрекет ететін боламыз.

 

Сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының бас кеңсесінде бүгін бірқатар кездесулер өтті. Қытай халық республикасынан келген байқаушылар миссиясы Орталық сайлау комиссиясының мүшелерімен кездесіп, журналистерге арнап баспасөз мәслихатын өткізді.

 

Чжань Сиюнь, халықаралық байқаушы:

Біздің байқаушылар тобында 4 адам бар. Біз Нұр-Сұлтан қаласындағы учаскелерде жұмыс істейтін боламыз. Бүгін Қазақстанға келген бетте бірнеше учаскеде болып, дайындық барысымен таныстық.  

Хабарламаларға жазылу