Сайлау-2019: Бүгін Президенттікке үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын насихаттайтын соңғы күні - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сайлау-2019: Бүгін Президенттікке үміткерлердің сайлауалды бағдарламаларын насихаттайтын соңғы күні

07.06.2019

Ертең — тыныштық. Үнсіздік жарияланған уақытта қандай да бір науқан жүргізген компания мүшелеріне жаза қолданылады. «Заңгерлер әділ сайлау үшін» республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері сайлау кезіндегі экзитполдың жұмысы туралы және журналистердің не істеу керек екеніне тоқталды.

Мамандарының айтуынша, дауыс беруші таңдайтын үміткерін айтқысы келмесе, бұл оның құқығы. Осы сұраққа жауап беруге мәжбүрлеудің ешкімнің, соның ішінде, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің құқы жоқ. Ал егер сізден қалмай сұрай берсе, бұл әрекет журналистік кәсіби этиканы және азаматтық құқықтарды бұзу болып табылады.

Сондай-ақ, экзитполдың нәтижесін берген уақытта кез-келген тілші өз материалында ол экзитполды қандай компанияның қалай жүргізгенін айтуға міндетті.

Серік Ақылбай, «Қазақстан заңгерлері одағының» төрағасы:

Тыныштық күнінде кандидаттың өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе алмайды. Ондай жүргізілген болса әкімшілік кодекстің 120-122 баптары бойынша жазаланады. Мұндай айыппұл белгіленген. Сайлау болып жатқан күні де ешқандай насихат жұмыстары жүргізілмеуі тиіс.

Сәуле АЛДАМҰРАТ

Хабарламаларға жазылу