Сарапшылар сайлаудың ерекшеліктерін тылқылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сарапшылар сайлаудың ерекшеліктерін тылқылады

07.06.2019

Биылғы сайлау науқанында ақпаратты және саяси технологияларды пайдалану деңгейі артты. Бұл қоғамның саяси сауатының артқандығын көрсетеді. Сайлау барысын талқылаған саясаттанушылар мен сарапшылардың пікірі осындай.

Бүгін бір топ маман саяси науқанның алдын ала қорытындыларын талқылады. Олар сайлау науқаны бүгінге дейін белсенді, технологиялық тұрғыдан жоғары деңгейде өткендігін айтты. Себебі бұл жолы үгіт-насихат жұмыстары мен ұйымдастыру кезеңдерінде тың технологиялар мен әлеуметтік желінің мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылған. Бұл бұған дейін болмаған жағдай. Сондықтан да аталған тәжірибе алдағы сайлау науқандарына да негіз болмақ.

Ерлан Сайыров, саясаттанушы:

- Кандидаттардың, кандидаттар штабтары басшыларының арасында пікірталас болды, сонымен бірге халық арасында пікірталас болып жатыр, 2005 жылдан бастап оппозиция өкілі қатысып отыр. Осының барлығы халықаралық процедуралар мен стандарттарға сәйкес екенін көрсетеді.

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

Хабарламаларға жазылу