Түркістанда да дауыс беру аяқталса, Атырауда сайлау жалғасуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістанда да дауыс беру аяқталса, Атырауда сайлау жалғасуда

09.06.2019

Дауыс беру уақыты аяқталды. Енді өңірлердегі тілшілерімізден соңғы мәліметтерді сұрап білейік. Дәл қазір Түркістан облысындағы меншікті тілшіміз тікелей байланыста.

– Гүлжазира!

Гүлжазира Ғалиқызы, тілші:

- Иә, Мейіржан, ала таңнан айқара ашық тұрған барлық сайлау учаскелерінің есігі енді сайлаушылар үшін жабық.

Есесіне өңірдегі 890 жуық учаскедегі 6200-ден астам комиссия мүшесі үшін нағыз қарбалас енді басталды. Олар жәшікке түскен барлық бюллетендерді санауға кірісті. Айта кетейік, облыста сайлаушылар саны — 1 181 946. Соңғы мәлімет бойынша оның ? пайызы дауыс берген. Ал дауысын кімге бергені алдағы уақытта белгілі болады. Қазір менің қасымда сайлау комиссиясының төрағасы Бегахмет Әбусейтов мырза тұр.

- Сөз кезегін Атыраудан Жандос Темірғалиға беремін. Жандос!

Жандос Темірғали, тілші:

- Рақмет, Гүлжазира!

Сағат айырмашылығына байланысты Атырауда әлі де саяси науқан жалғасуда. Дауыс берудің аяқталуына әлі бір сағат бар. Соңғы мәліметке сай, аймақ бойынша тіркелген 410 мыңға жуық сайлаушының тең жартысынан көбі өз таңдауын жасап үлгерді. Жалпы өңір бойынша 262 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

Менің қасымда аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Азамат Айманакумов тұр. Азамат мырза, халықтың белсенділігі ойыңыздан шықты ма?

- Заң бұзушылықтар тіркелді ме?

Айта кетерлігі облыста соңғы 4 жылда сайлаушылар қатары 34 %-ға артқан. Ел жауапкершілікті сезініп, жақсылыққа сенеді. Сол себепті өңір жұртшылығы саяси науқанға бей-жай қарамауда.

- Ендігі сөз кезегін студиядағы әріптесім Мейіржан Әлібекке беремін. Мейіржан!

Хабарламаларға жазылу