Нұр-Сұлтан қаласында 239 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нұр-Сұлтан қаласында 239 сайлау бөлімшесі жұмыс істеп жатыр

09.06.2019

Бас қаладағы біздің журналистер бөлімшелердегі сайлау барысын барынша қамтуға тырысып жатыр. Қазір тілшіміз Сәуле Алдамұратқызы музыкалық академияда орналасқан сайлау бөлімшесіндегі жағдаймен бөліседі.

- Рахмет, Гүлнәз! Армысыздар құрметті көрермен! Мен қазір Елордадағы нөмірі 150 сайлау бөлімшесіндемін. Бұл жерде 2450 адам тізімге алынған. Қазірге дейін оның 70%-ы келіп дауыс беріпті. Қазір таңдағыдай емес, түс ауа халық нөпірі көбейіп жатыр. Бұл заңды да. Себебі демалыс күні барлығымыз ұйқымызды қандырғанды қалаймыз. Мүмкін үйдегі бар шаруасын бітіріп, асықпай келіп жатқан да шығар. Оның үстіне дауыс беру сағат сегізде тоқтайды. Ал оған дейін 3 сағат бар. Қалған 30%-да келіп, дауыс береді деген ниеттеміз.

Ия, расымен де бүгін еліміз үшін маңызды күн. Дауыс беруден қалыс қалмаңыздар. Егер мен тізімге алынбадым дегендер болса, үйіңіздің маңындағы сайлау бөлімшесіне барыңыз. Ол жерде шағын халыққа қызмет көрсету орталығы болады. Сол жерден тұрғылықты мекен-жайыңыз туралы анықтама алсаңыз болғаны. Сізді сайлау комиссиясының мүшелері қосымша тізімге қосады. Осылайша сіз өз дауысыңызды бересіз.

 

Хабарламаларға жазылу