Түркістан мен Қостанай өңірлерінде сайлау белсенді жүріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан мен Қостанай өңірлерінде сайлау белсенді жүріп жатыр

09.06.2019

Дауыс беру науқаны басталғалы алты сағаттан асты. Ендеше өңірлердегі тілшілерімізден соңғы мәліметтерді сұрап білейік. дәл қазір Түркістан облысындағы меншікті тілшіміз тікелей байланыста.

– Гүлжазира, түркістандықтардың көңіл-күйі қалай?

Гүлжазира Ғалиқызы, тілші:

Сәлем, Армангүл! Армысыздар қадірменді көрермен! Облыстық сайлау комиссиясы әр екі сағат сайын есеп беріп, мәліметтермен бөлісіп отыр. Соңғы деректерге сенсек, Түркістан өңірінде электораттың 35%-ы дауыс беріп үлгерген. Бұл 355 мыңнан астам адам. Дәл қазір біз нөмері 105- сайлау учаскесінде тұрмыз. Бұл жерде сайлау барысын жіті қадағалап отырған қоғамдық ұйым мүшелері отыр. Солармен сұқбаттассақ.

Бектай Орманов, «Аманат» азаматтық платформасы ұйымының бақылаушысы: «Аманат» азаматтық платформасынан келіп отырмыз. Қазір біз облыстық барлық аудан қалаларында осылай таңның атысы кештің басына дейін бақылаушыларды ұйымдастырып, бақылаудамыз.

-Қандай да бір қателік байқадыңыздар ма?

-Иә, 889 сайлау учаскесі болса, бірен-саран жағдай болды. Бір сайлаушының бірнеше адамның атынан бюллетен алуға әрекеттенген жағдайлар болды. Біз бақылаушыларды оларға ескертіп, алдын алдық.

Айта кетейік, отандық ұйымдардан өзге, Түркістан өңіріне 45 халықаралық бақылаушы келген. Олар ШЫҰ, ТМД елдері, ЕҚЫҰ өкілдері. Мүмкіндік болғанда олармен де тілдесетін боламыз.

Сөз кезегін Қостанай облысынан тілшіміз Дәуренбек Әбдібекке берейін. 

Дәуренбек Әбдібек, тілші:

Азаматтар өз таңдауын жасап жатыр. Облыста сайлауға дайындық тыңғылықты жүргізілді. Осы науқанға жауапты мамандар үйді-үйді аралап, әрбір сайлаушыға шақыру қағазын таратты. Соның нәтижесі болар учаскелерге келушілердің легі таңертеңнен бері толастаған жоқ. Қазір біз тұрған Қостанайдағы нөмірі № 10-шы сайлау учаскесінде де науқан қызу жүріп жатыр. Мұнда 2 мыңнан астам адам тіркелген.

Енді осы учаскенің төрағасы Рамазан Райсовты сөзге тартсақ. Рамазан Елеусізұлы осы уақытқа дейін қанша адам өз таңдауын жасады?

Рамазан Райысов, №10 сайлау учаскесінің төрағасы:

Бүгінгі сайлау мен үшін ғана емес, барша қазақстандықтар үшін зор маңызға ие. Біріншіден, маған қай кандидаттың жеңіске жететіні қызықты. Ең бастысы таңдаған Президентіміз ел болашағы үшін қызмет етеді деп сенемін.

Сұхбатыңызға рахмет! Бұған дейін айтқанымыздай Қостанай облысы бойынша 585 мың 431 адам дауыс беру құқына ие. Оның 172 мыңы Қостанай қаласында. Әзірге қандай да бір оқыс оқиға тіркелгені жайлы мәлімет жоқ.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу