Халықтың саяси белсенділігін анықтау үшін «Қоғамдық пікір» институты сауалнама жүргізуде - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Халықтың саяси белсенділігін анықтау үшін «Қоғамдық пікір» институты сауалнама жүргізуде

09.06.2019

Ұйым қызметкерлері әр учаскенің жанында дауыс беріп шыққан әр бесінші сайлаушыға өз сұрақтарын қойып, саяси додаға қатысты пікірлерін біліп жатыр. Сауалнамаға әр өңірде кемі 300-350 адам қатысуы тиіс. Күн соңына дейін институт қызметкерлері ел бойынша 13 мың респонденттен олардың пікірін сұрап біліп, зерттеу қорытындысын түнгі 00:00-ден соң жариялайды.

Бақыт Байболова, «Қоғамдық пікір» институтының менеджері:

- Сауалнама сайлау учаскесі аумағынан тыс жерде жүргізіледі. Басты мақсат – халықтың саяси белсенділігін, дауыс берушілердің жас ерекшелігін анықтау. Біздің институт соңғы бес жыл бойы Қазақстан бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізіп келеді. Сайлаудың жазғы уақытта өтуі бізге ыңғайлы болды. Әрі дауыс берушілер де көп.

Альбина ӘШІМ

Хабарламаларға жазылу