Байқаушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне жағдай жасалғанына баса назар аударды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Байқаушылар мүмкіндігі шектеулі жандардың дауыс беруіне жағдай жасалғанына баса назар аударды

10.06.2019

Қостанай облысында ҚР Президентінің сайлауы барысында өрескел заңбұзушылық тіркелген жоқ. Тобыл өңіріне ТМД елдерінен келген байқаушылар баспасөз мәслихатында осылай деп мәлімдеді. Астықты аймақтағы дауыс беру барысын 2,5 мыңнан астам түрлі халықаралық ұйымдар, саяси партия, қоғамдық бірлестік өкілдері қадағалады. Қостанай облысында барлығы 782 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Тіркеуге алынған 600 мыңға жуық адамның 84 %-ы өз таңдауын жасады. Байқаушылар тек сайлау учаскелерін емес, қаланың безендірілуінен бастап, осы саяси науқанға қатысты дүниенің бәрін назардан тыс қалмағанын айтты.

Дмитрий Семёнов, байқаушы:

Мен әрқашан мүмкіндігі шектеулі жандарға өз таңдауын жасау үшін қаншалықты жағдай жасалғанына мән беремін. Учаскелердің пандустармен, шақыру тетіктерімен жабдықталуын тексердім. Мүгедек жандарға қалай көмек көрсетілетінін сұрастырдым. Нәтижесінде, жауапты мамандардың аталған әлеуметтік топ өкілдерінің дауыс беруіне барынша қолдау көрсеткеніне көзім жетті.

Дәуренбек ӘБДІБЕК

Хабарламаларға жазылу