Германиядан келген байқаушылар сайлау туралы пікір білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германиядан келген байқаушылар сайлау туралы пікір білдірді

10.06.2019

Сайлауға Германиядан келген байқаушылар баға берді. Бірнеше сайлау учаскесінде болған байқаушылар сайлаудың жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ашық өткендігі мен сайлаушылардың белсенділігіне таң қалғандарын жасырмады.

Шетелдік байқаушылар Қасым-Жомарт Тоқаевты Президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтап, Қазақстаннан көп нәрсеге үйренуге болатындығын да айтты. Сонымен қатар, байқаушы ретінде шақырылғандары үшін алғыс білдіріп, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды арттыруға қатысты ойларын жеткізді. Жалпы, Алматыдағы сайлау учаскелерін бақылаған 80-нен астам байқаушының басым бөлігі жоғары баға беріп, жаңа Президенттің жұмысына сәттілік тіледі.

Карл Фридрих, халықаралық байқаушы:

Бұл сайлау - сіздер үшін маңызды тарихи сәт. Жалпы, дайындықтың деңгейі өте жоғары болды. Әр учаскеде халық үшін жағдай жасалды. Лайықты қызмет көрсетілді. Сайлауда тағы бір байқағаным, тәуелсіз байқаушылар үшін, комиссия үшін ешқандай шектеу болған жоқ. Біз қажетті ақпараттың барлығын алдық.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу