Қазақстан коммунистік халық партиясы Президент сайлауының қорытындысын мойындайтындығын мәлімдеді. Партия жетекшісі Жамбыл Ахметбеков дауыс беру нәтижесі халықтың кандидаттарға берген әділ бағасы екендігін айтты. Сондай-ақ, ол сайлаудың ашық әрі шынайы өткендігін жеткізді.
Жамбыл Ахметбеков, Қазақстан коммунистік халық партиясының жетекшісі:
Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарына жасалған бүкіл мүмкіншіліктер орынды болды. Біздің сайлау учаскелерімізде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында ешқандай заңбұзушылық орын алған жоқ. Сайлаудың нәтижесі бойынша жеңіске жеткен Қ.Кемелұлын құттықтаймын.
Ақмарал ТӨЛЕУБЕК