«Аманат» азаматтық платформасы бүгін сайлау кезінде 165 заң бұзушылық фактісін анықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Аманат» азаматтық платформасы бүгін сайлау кезінде 165 заң бұзушылық фактісін анықтады

10.06.2019

Келеңсіздікке жол бергендерге сол бойда ескерту жасалған.

Бақылаушылардың айтуынша, сайлау бөлімшелерінде бір адам бүкіл отбасы мүшелерінің құжатын әкеліп, дауыс беруге тырысқан. Сондай-ақ, өздері тіркелмеген бөлімшеге дауыс беруге барып, оған рұқсат бермеген мамандар алдында жанжал шығарған. Бұған қоса мамандар, әлеуметтік желіде тарап жатқан түрлі видеолардың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. Себебі онда не қаланың аты, не сайлау бөлімшесінің нөмірі айтылмайды. Олар сайлауға дейін әдейі түсірілген де болуы мүмкін. Сайлауды «Аманаттың» 11 мыңнан астам өкілі бақылады. Қазір олар дауыс санауға да қатысып жатыр. Заң бұзушылықтардың нақты есебін олар ертең береді.

Әкім Тұрсын, «Аманат» азаматтық платформасының мүшесі:

Заң бұзушылық көбінде бақылаушылардың тарапына болды. Сайлау процесіне кедергі келтірді өзінің пиары үшін. Оның барлығы заңда түсіндірілген.

Сәуле АЛДАМҰРАТ

 

Хабарламаларға жазылу