Республика бойынша 20:00-де сайлау учаскелерінің есігі жаппай жабылып, 9970 арнайы аумақта дауыс санау басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Республика бойынша 20:00-де сайлау учаскелерінің есігі жаппай жабылып, 9970 арнайы аумақта дауыс санау басталды

10.06.2019

Санақ 12 сағаттан аспауы тиіс. Яғни ол жұмыс таңғы сағат 8:00-ге дейін жалғасады. Аумақтық сайлау комиссиялары дауыс санаудың нәтижелерін 2 күннің ішінде Орталық сайлау комиссиясына жолдауға міндетті. Президент сайлауының алдын-ала қорытындысы 10-11 маусымда жарияланады.

Сондай-ақ, заң бойынша орталық сайлау комиссиясы дауыс берудің нәтижесін 10 күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.

Жалпы соңғы мәліметке сүйенсек халықтың 77,4 %-ы өз таңдауын жасапты. Әрине бұл сан әлі де өзгеруі мүмкін.

Нысаналы Ығыл

 

Хабарламаларға жазылу