10 бастама халық ішінде үлкен қолдауға ие болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

10 бастама халық ішінде үлкен қолдауға ие болды

13.06.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген он бастама халық ішінде үлкен қолдауға ие болды. Қоғам дертіне айналған сыбайлас жемқорлықпен күрес, жастардың өзін-өзі танытуына мүмкіндік жасау сияқты идеялары көпшіліктің көңіліне сенім ұялатты.

 

Сайлаухан Аухадиев, Өскемен қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:

Халықтың қойып отырған талабын орындайтынына біз сенеміз. Біз, қариялар, жастарды тәрбиелеуге үлес қоссақ, жастар елімізді мәңгілік ел етеді. Сол қариялар жастарға ақыл-кеңесімізді беріп, көмектесеміз. Өз жағдайымызды жақсарту үшін халық болып кірісеміз.

 

Нұрлан Күнтуов, облыстық Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

Ол бастамалардың біреуі жастарға байланысты болды. Қазіргі күні Ақтөбе облысында 208 мың жас азамат бар. Ол біздің азаматтардың 24 пайызын құрайды. Яғни, жастарға үнемі көңіл бөлініп келеді. Келесі жылы егер еріктілер жылы деп жарияланатын болса, одан әрі дамуымызға негіз болады деген ойдамыз.


Еркін Әбіл, Ө.Сұлтанғазин атындағы ҚМПИ ректоры:

 

Соңғы кезде өкінішке қарай бізде саяси күресті айқай-шумен, митингімен, шерулетумен байланыстырады. Ол дұрыс емес. Саяси күрес, азаматтық қозғалыс деген ең алдымен дискуссия, пікірталас мәдениеті.

 

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу