Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлінді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бөлінді

13.06.2019

Президент жарлығымен бүгін екі бөлек мекеме болып қайта құрылды. Жарлықта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі болып қайта аталсын делінген.

 

Сондай-ақ, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Президентке тікелей бағынышты - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі болып қайта құрылсын» делінген.

 

Аты айтып тұрғандай аталған агенттіктер мемлекеттік қызмет пен қызмет көрсетуге және сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесімен айналысады. Екі мекеме де Президентке бағынышты болады.

 

Дулат АБИБУЛЛАЕВ

 

 

 

 

 

Хабарламаларға жазылу