15 маусым сенбіге арналған ауа райы болжамы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

15 маусым сенбіге арналған ауа райы болжамы

14.06.2019

Ертең Петропавлда күн бұлтты. Аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз 14, түнде 7 градус нөлден жоғары.

Көкшетауда да жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз 13, түнде 8 градус жылы. Қостанайда сынап бағанасы күндіз +15 түнде +6 градусты көрсетеді. Павлодарда күндіз 15, түнде 10 градус жылы.

Қарағандыда да күн жауын-шашынды. Термометр бағаны күндіз +12, түнде +9 градусты көрсетеді.

Жезқазғанда күндіз 20, түнде 12 градус жылы.

Өскемендк күн күркіреп, жаңбыр жаууы мүмкін. Ауа температурасы күндіз 23, түнде 15 градус НӨЛДЕН жоғары.

Семейде күндіз 24, түнде 15 градус жылы.

Оралда күн бұлтты. Ауа температурасы күндіз 21, түнде 16 градус нөлден жоғары.

Атырауда керісінше. Күн ашық. Күндіз 28, түнде 18 градус жылы.

Ақтөбеде күн бұлтты. Термометр бағаны күндіз +19, түнде +13 градусты көрсетеді.

Ақтауда Күн ашық. Күндіз 27, түнде 19 градус жылы.

Таразда Синоптиктердің болжамы бойынша жаңбыр жауады. Сынап бағанасы күндіз +29, түнде +21 градусты көрсетеді.

Түркістанда күн ала бұлтты. Күндіз 31 градус ыстық, түнде 21 градус жылы. Қызылордада да күн бұлтты. Ауа температурасы күндіз 29, түнде 19 градус нөлден жоғары.

Талдықорғанда жаңбыр жаууы ықтимал. Күндіз 25, түнде 18 градус жылы.

Шымкентте күн жауын-шашынды. Күндіз 31 градус ыстық, түнде 23 градус жылы.

Алматыда да жаңбыр жаумақ. Күндіз +28, түнде +19.

Нұр-Сұлтанда ауа температурасы күндіз 17, түнде 9 градус нөлден жоғары.

Арай КЕНЖИНА

Хабарламаларға жазылу