Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің әлеуметтік салаға басымдық беруі халық арасында кеңінен қолдау тапты

14.06.2019

Жас кәсіпкерлерге жеңілдіктер жасалып, құрылыс саласының қарқын алатыны тұрғындардың болашаққа деген сенімін қуаттай түсті.

Алтай Тайжанов, философия ғылымдарының докторы:

Жастарды көбірек тартуымыз керек.Билік басына да, басқа салаларға да. Бұл өте дұрыс. Сондықтан, қазіргі таңда көптеген айқау-шу, шешілмеген мәселелер біздің әлеуметтік саламызда. Сондықтан да әлеуметтік салаға көңіл аударсақ, әлеуметтік қоғам боламыз. Тағы да басқа осындай көптеген мәселелердің шешімін айтты. Енді мен ойлаймын, алдағы уақытта осылар біркелкі шешілетін болса, халықтың арасында да өзара түсінік болады.

Еркебұлан Балтабеков, облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

Жас маман ретінде мені ерекше қуантқаны — жаңа жұмыс орындарының ашылатындығы, біріңғай тұрғын-үй саясатының қалыптасатындығы. Сонымен қатар, жастардың бизнес жобаалары мен стартаптары кеңінен қолдау табатындығы. Жас кәсіпкерлер бағдарламасы іске асатындығы және Президенттің кадрлық резерві қалыптасатындығы. Бұл кадрлық резервке білімді, ісіне адал, жауапкершілігі мол, дарынды, болашағынан зор үміт күттіретін жастар кіреді деген сенімдемін.

 

Хабарламаларға жазылу