«Қазақстан» РТРК» АҚ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялайды

20.06.2019
«Қазақстан» РТРК» АҚ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ ұлы ақын, жазушы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай телехикая түсіреді.

 

Осыған байланысты, телехикаяның сценарлық идеясына байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін орындаушы компания - идея, синопсис, сондай-ақ, концепция ұсынуы шарт.

 

Ұсыныстар тарихи фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндіктері жоғары компаниялардан ғана қабылданады.

 

Байқауға өтінімдер қабылдау 2019 жылдың 1 тамызына дейін жүргізіледі. Ұсыныстар kaztrk@kaztrk.kz электронды поштасы арқылы қабылданады.

 

Қосымша ақпарат үшін байланыс нөмірі: 8 (717) 2 75-72-30, Ақгүл Иманғалиева.

Хабарламаларға жазылу