«Мәселе» бағдарламасында көп балалы ананың мұңы айтылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Мәселе» бағдарламасында көп балалы ананың мұңы айтылды

13.07.2019

Көк жәшіктен көп түйткілдің түйінін тарқатып үлгеруге тырысамыз. Ағайынмен арамыз алшақ болмасын деп «Мәселе шешкен мәселе» айдарын аштық. Көрермен мәселесін түсіріп бізге жолдайды, тілшілеріміз дереу іске кіріседі. Бүгінге дейін шүкір, біраз мәселе өз шешімін тапты. Үй алған қандас, жолы жөнделген ауылдар, емделуге қаржы таппай қиналған науқасқа берілген жеңілдіктер, тағысын тағы. Мақсат — ағайынның арызын жауаптыларға уақытында дұрыс жеткізу. Бүгін үшінші телемаусымды тәмамдаймыз деп қамдансақ та Назым тағы бір мәселені көтеріп келіпті, тізгін сенде, айта ғой:

 

Иә, расында да «Мәселенің» мұрындық болуымен көмекке мұқтаж жандардың бірқатарының мәселесі оң шешімін тапты. Базынасын айтқан ағайынның біріне ауыз-су тарттырсақ, енді бірінің баспанасына жылу жүйесін іске қостық. Өзіңіз айтпақшы, шұрық тесік жолдардың жөндеуден өткізілгені тағы бар. Ал енді бүгін алып келген мәселем тұрмыс тауқыметін тартып, алты баласымен құрқылтайдың ұясындай үйде күн кешіп отырған көпбалалы ана жайлы болмақ. Көмекке зәру жанның тұрмысымен танысу үшін, алдымен, арнайы әзірленген бейнематериалға назар аударайық.

 

Бұл «Мәселенің» мұқым елмен бірге екенін айғақтайды. Құрметті көрермен, ендеше қылығы қырық атқа жүк болған Назым Қайраттың ерекше сюжетіне назар аударайық...

 

Хабарламаларға жазылу