Мемлекет басшысы Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспановты марапаттады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспановты марапаттады

25.07.2019
Мемлекет басшысы Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспановты марапаттады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қызметтік борышын атқару кезіндегі қаза тапқан Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспановты мемлекеттік наградамен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін наградталсын:

І дәрежелі «Айбын» орденімен

Нұртазинов Қаныш Серікұлы (марқұм) - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы;

ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен

Оспанов Самат Қошбергенұлы - Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК Орталық өңірлік филиалының инспекторы.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 25 шілде

№ 79

Хабарламаларға жазылу