28 шілде - дүниежүзілік Гепатитке қарсы күрес күні

27.07.2019
28 шілде - дүниежүзілік Гепатитке қарсы күрес күні

Жыл сайын 28 шілдеде дүниежүзінде Гепатитке қарсы күрес күні аталып өтеді. Осы жолы бұл шара «Ресурстарды гепатитті жоюға жұмсайық!» ұранымен өтеді, әр адамды сырқатпен қалай күресуге болатынын білуге шақырады.

Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының (БДСҰ) деректері бойынша әлемде 325 млн. адам В немесе С вирусты гепатитіне шалдыққан, жыл сайын осы дерттен 1,4 млн адам көз жұмады. Өлім-жітім деңгейі жағынан аталған инфекциялық ауру туберкулезден кейін екінші орында тұр. Ал гепатит жұқтырғандар саны АИВ санынан 9 есеге көп.

Гепатиттің алдын алуға және емдеуге болады, ал С гепатиті толық жазылады. Бірақ гепатитпен ауыратын адамдардың 80%-на алдын алу, тексерілу және емдеу шаралары қолжетімсіз.

Ресми деректерге сүйенсек, Қазақстанда 2018 жылы осы сырқат бойынша диспансерлік есепте 67 мыңнан астам тіркелген, олардың 5717-сіне диагноз алғаш рет қойылған. Гепатитпен ауыратын науқастардың басым бөлігі Алматы (8943), Нұр-Сұлтан (8088) қалаларында, Түркістан облысы (6592) мен Шымкентте (6369).

Вирустан қорғанудың негізгі алғышарттары:

1. Таза ауыз су ішу;

2. Тазалық гигиенасы ережелерін сақтау;

3. Санитариялық шараларды арттыру;

5. Иммунитет көтеру.

Хабарламаларға жазылу