Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

11.08.2019
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев күллі мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады. 

«Қасиетті Құрбан айт - мейірімділік пен қайырымдылық құндылықтарының теңдессіз көрінісі ретінде халқымыздың рухани дүниесінен ерекше орын алатын мейрам.   

Имандылықты өскелең ұрпақты тәрбиелеу көзі деп санайтын мұсылман қауымы осы күні ізгі ниетімен игі істер атқарып, өзара түсіністік пен келісім рухын нығайта түседі.     

Бұл ынтымақ пен бірлікті қадір тұтып, сақтап келе жатқан еліміз үшін өте маңызды.            

Қасиетті мейрамда баршаңызға зор денсаулық, құт-береке тілеймін. Отанымыз өркендей берсін!», - делінген Мемлекет басшысының құттықтауында. 

 

 

Хабарламаларға жазылу