«Қазақстан» РТРК» АҚ 2020 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ 2020 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды

15.08.2019
«Қазақстан» РТРК» АҚ 2020 жылға арналған жаңа телехикаяларға байқау жариялайды

Тапсырыстар келесі жанрлық бағыттар бойынша қабылданады: қоғам өмірінің иірімдерін қамтитын отбасылық құндылықтар; спорт әлеміндегі көрнекті тұлғалар; әскери-патриоттық; ретроспектива; мюзикл.

Байқауға қатысушы компания арнайы концепция жолдауы керек. Концепцияда жобаның атауы, идеясы, мақсаты, көлемі, ұзақтығы және саны, жанры, сметалық шығыны, компанияның техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы және фильмографиясы қамтылуы керек.

Ұсыныстар фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндіктері жоғары компаниялардан ғана қабылданады.

Өтініштер 2019 жылдың 15 қыркүйегіне дейін kaztrk@kaztrk.kz эл. поштасы арқылы қабылданады.


 

Хабарламаларға жазылу