ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз «Qazaqstan» Ұлттық арнасына алғыс білдірді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз «Qazaqstan» Ұлттық арнасына алғыс білдірді

16.08.2019
ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Ораз «Qazaqstan» Ұлттық арнасына алғыс білдірді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз еліміздегі маңызды діни мереке Құрбан айтта атқарылған ізгі іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсеткені үшін «Qazaqstan» Ұлттық арнасына алғыс білдірді.

«Исі мұсылманның ұлық мейрамы – Құрбан айтта атқарылған ізгі іс-шараларға ақпараттық қолдау көрсетіп, мерейлі мерекенің мәні мен маңызын насихаттауға сүбелі үлес қосқандарыңыз үшін сіздерге айрықша алғысым мен риясыз ризашылығымды жеткіземін.Халықтың қамы, еліміздің болашағы жолындағы істеріңіз берекелі болсын», - делінген Бас мүфтидің жолдаған хатында.

 

Осы орайда, күзгі телемаусымда «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінен дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттауға бағытталған «Иман өзегі» атты жаңа жоба шығатынын хабарлаймыз.
 

Хабарламаларға жазылу