Отандық ІТ мамандар кассалық аппаратты алмастыратын «Рекасса» атты жоба ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Отандық ІТ мамандар кассалық аппаратты алмастыратын «Рекасса» атты жоба ойлап тапты

27.08.2019

Отандық кәсіпкерлер кассалық аппараттан мүлдем бас тартатын күн алыс емес. Бұған, Қазақстандық ІТ бизнесмендер ойлап тапқан «РЕКАССА» стартап жобасы негіз болмақ. Тегін орнатылатын бағдарлама, касса аппаратының қызметін атқарады. Қазірдің өзінде бағдарламаны 5 мың адам орнатып үлгерген. «РЕКАССА» шағын бизнес үшін елеулі көмек болмақ.

Тегін дүние бар! Бұған «РЕКАССА» бағдарламасы дәлел. Мемлекет көлеңкелі бизнеспен күресу үшін, кез келген сауда субьектісінде кассалық  аппарат болуын міндеттеді. Ал нарықтағы аппараттың ең арзаны 60 мың теңге. Демек базардағы саудагерден бастап, бәрі осы қондырғыны алуы шарт. Кәсіпкер Бағдат Мусин қымбат қондырғыны, смартфонға сыйғызып берді.

Бағдат Мусин, ІТ кәсіпкер:

«Бағдат, бұны неге тегін жасап жатсыз?»,- деп сұрайды ғой... Қайта жұмыс істеуге дайынбыз.

Серік Сәрсенов —  кәсіпкер. Жеке бизнес болған соң, есеп-қисапты да өзі жүргізеді. «Рекасса» бағдарламасын санаулы секундта орнатып, тәжірибеден өткізіп көрді. Аз уақытта бағдарламаның өміршеңдігіне көзі жеткен кәсіпкер, өз таңдауын жасады.  

Серік Сәрсенов, Стоматологиялық клиника директоры:

Мына құрылғының басты кемшілігі —  оның бағасы. 60 мың теңге тұрады. Ал мына отандық компания ойлап тапқан «РЕКАССА» бағдарламасы тегін. Ай сайын қосымша ақы төлемейсіз. Телефонға орнату, қолдану өте оңай. Заманға лайық жасалған мықты жоба дер едім. 

Смартфон ұстамайтын адам кемде-кем. Демек базарда жеміс сатқан кәсіпкерден, ірі кәсіп иесіне дейін енді қымбат құрылғы сатып алып шығындалудың қажеті жоқ. Тегін бағдарламаны орнатса, бизнесі заңға сай өрбімек.  

Бағдат Мусин, ІТ кәсіпкер:

Осы бағдарлама 500 мың доллар тұрса, мемлекет 3-4 миллион салып жіберер еді.  Мемлекет бағдарламаларды жасап тоқталса жеткілікті. Қалғанын біз сияқты нарықта жүрген бизнесмендер шешуге дайын.

Бағдат Мусин аталған бағдарлама әркез тегін қызмет көрсететінін айтты. Оған өзім кепілмін деп кеудесін қолына қойды. Біз бұл арадағы негізгі мағына кәсіпкерлердің отандық айти мамандарға сенімі деп ұқтық.

Ғабит БӨКЕНБАЙ

Хабарламаларға жазылу