Қарағанды облысының Абай қаласындағы ауруханада маман тапшылығы түбегейлі шешілді
Қарағанды облысының Абай қаласындағы ауруханада маман тапшылығы түбегейлі шешілді. Облыс әкімі Ерлан Қошанов 13 жас дәрігерге қызметтік баспана кілтін табыстады. Тап осы баспананың болмауынан жұмысқа келген мамандар көп тұрақтамай көшіп кетеді екен. Бұл түйткілді шешу үшін облыстық бюджеттен 75 миллион теңге қаражат бөлініп, шағын шаһардағы көпқабатты үйден медицина қызметкерлеріне пәтер берілді. Бұған қоса қоныс той иелері тұрмыстық техникамен және жиһазбен қамтылған.
Алиджан Беккулиев, жалпы хирург дәрігер:
Біздің отбасымызға жас маман ретінде осындай екі бөлмелі пәтер беріліп жатыр. Өте қуанып жатырмыз. Қазіргі таңда бұл үлкен көмек қой біз үшін. Тек қана алда өзз көңілімді отбасым мен жұмысыма арнаймын.
Руслан НҰРЛАНҰЛЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Конституциялық реформаға Грекия ғалымдары пікір білдірді
13.03.2026, 17:40
«Nauryz Sale» мерекелік акциясы басталды
13.03.2026, 17:39
Жедел жәрдем қызметі ардагеріне құрмет көрсетілді
13.03.2026, 17:38
Мәскеуде қазақ мәдениетінің кеші өтті
13.03.2026, 17:37
Семейде ЮНИСЕФ Жастар хабы ашылды
13.03.2026, 17:35
Иран қалаларындағы шеруге мыңдаған адам қатысты
13.03.2026, 17:33
Пәкістан әуе күштері Кабул мен Қандағарды атқылады
13.03.2026, 17:31
Оқушылардың картасыын кәсіпкерлердің өзі терминалға басып отырған
13.03.2026, 17:29