Сингапурде жүргізушісіз автобустар қала жолдарында сынақтан өткізілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сингапурде жүргізушісіз автобустар қала жолдарында сынақтан өткізілді

30.08.2019

Сингапурда жүргізушісіз автобус сынақтан өткізілді. Автоматты басқарылатын көлік соңғы үлгідегі технологиямен жабдықталған. Сынақ Сентоза аралының көшелерінде жүргізуші мен арнайы мамандардың қадағалауымен өтті. Автобус тізгініне жауапты маманның айтуынша, жолдағы басты қауіп басқа көлік жүргізушілерінен болуы мүмкін. Себебі олар автономды машина жұмысына бейімделмеген. Сондықтан бастапқы кезеңде автобуста жүргізуші міндетті түрде болуы тиіс.

Әзірге мұндай автобустар аралда бірнеше бағыт бойынша ғана қатынайды. Болашақта сынақ аясын кеңейту жоспарланып отыр.

Ал ерекше автобуспен алғашқы болып жол жүру мүмкіндігіне бірнеше турист пен жергілікті тұрғын ие болды. Олар шаттлдағы сапардан алған әсерлерімен бөлісіп, мұндай технологиялық жетістіктің жақсы идея екенін айтты.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

 

Хабарламаларға жазылу