Ата заң - Қазақстан халқы үшін биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата заң - Қазақстан халқы үшін биік мақсаттарға қол жеткізудің алғышарты

29.08.2019

Мемлекеттік органдар Конституцияға тиімді жұмыс істейтін құқықтық құжат ретінде қарауы қажет. Бұл туралы Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәми ұйымның кездесуінде айтты. Жиынға қатысқандар биыл қабылданғанына 24 жыл толып отырған Ата заңымыздың ерекшеліктеріне тоқталды. Сондай-ақ, цифрлық өркениет дәуірінде, мемлекет пен қоғамның трансформациялануы жағдайында Басты заңның рөлі тақырыбында сөз қозғады. Дөңгелек үстелге мемлекеттік құрылым басшылары, Парламент депутаттары, құқық қорғау мекемелерінің өкілдері қатысты. Іс-шарада мемлекет дамуының жаңа кезеңінде Конституцияның әлеуеті жан-жақты талқыланды.

Жамаладин Ибрагимов, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Заң факультетінің деканы:

Мемлекетімізде, біздің қоғамда, оның ішінде адам және азаматтың құқығын қорғауда ата заңның рөлі жоғары болу керек. Екіншіден, ата заңның әрбір нормасын, әрбір ережесін біз қоғамда әр азаматтың санасына сіңіру керек. Осы орайда, дөңгелек үстелдің атқаратын міндеті де, миссиясы да жоғары деңгейде.

Айтылған баяндамалардың қорытындыларынан қоғамның конституциялық дамуына үлкен серпіліс береді деп ойлаймыз.

Хабарламаларға жазылу