Мәдина Балқыбаева: Істің сотқа жетуін сұраймын - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдина Балқыбаева: Істің сотқа жетуін сұраймын

24.01.2019

Автомобиль жолдарында болатын келеңсіз оқиғалар көлік жүргізуші мен жүргіншінің біліксіздігінен, жауапсыздығынан болады. Ал, оның салдары – жарымжан болған адамның тағдыры.

«Qareket» бағдарламасының бүгінгі кейіпкері – 21 жасар Мәдина Балқыбаева. Мәдинаның 53 жасар анасы жарты жылдан бері төсек тартып жатыр.

Мәдина Балқыбаева:

2018 жылдың жазында анамды көлік қағып кетті. Бас-сүйегі сынып, жарты миын алып тастады, бір аяқ, бір қолы істемейді. Тергеу органдары істі қайта-қайта жауып тастайды. Ол кезде жағдайымыз болған жоқ. Қарызға батып, адвокат жалдауға ақша болмады. Сотқа жете алмай жүрміз.

Анам 6 ай ауруханада жатты. Қазір кішкентай бала сияқты болып қалған. Анам I топтағы мүгедек. Үйде өзім қараймын. Дәрігерлердің айтуынша, анама ота жасату керек.

Анамды қаққан адам қашып кетті. Көмек беремін деп алдап кетті. Әділдікке жетемін. Істің сотқа жетуін сұраймын.

Құқықтық мемлекетте тұрып жатқанна кейін, мемлекеттің ең қымбат қазынасы – адамның өмірі. Осындай жағдайдың анығына жету үшін не керек? Жол көлігі оқиғасына қатысты қандай шаралар керек? Осы жерде қандай қарекет жасауға болады?

Студияға келген арнайы мамандар осы сұрақтарға жауап береді.

 

Толық нұсқа

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу