Мәдина Иманқожанова: Бетімді қалпына келтіру үшін 40 мың доллар қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәдина Иманқожанова: Бетімді қалпына келтіру үшін 40 мың доллар қажет

23.01.2019

Жауқазын гүлдей жайнап тұрған жас адамды не мұңайтуы мүмкін? Ол өмірден өз үлесін алардай өжеттігі де бар. Қатардан қалмай, қарекет қылардай қайраты да бар. Өзі көрікті, мақсаты да көп.

Бірақ Мәдинаның жүрегінде бір мұң бар. Ол қандай мұң? Мәдинаның мұңлы емес, нұрлы жүзін көру үшін не қажет?

«Алматы қаласында туып-өстім. Отбасының тұңғышымын. Осыған дейін ауырып көрмегенмін. Бірнеше жыл бұрын Жаңа жылды ағамның үйінде қарсы алуға Семейге бардым. Ең бірініші көзім жыпылықтай бастады. Сонда ағам «бетің бір түрлі болып тұр» деп дәрігерге апарды. Дәрігерлер «бет невриті» диагнозын қойды. Дәрі жазып берді. Басында күйзеліске түстім.

Бізде де, Корей еліне де барып қаралдым. Олар емдей аламыз деді. Дәрігерлер мұндай аурудың себебі көп екендігін айтты. Қазіргі таңда 40 мың доллар қажет. Жеңілу оңай. Бірақ, мен қоғамда өз орнымды тапқым келеді», дейді Мәдина.

Мәдина Иманқожанова ем алу үшін міндетті түрде шет елге бару керек пе, әлде елімізде емдей ала ма?

«Qareket» бағдарламасына келген мамандар ойларымен бөлісті.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу