«Qazaqstan» ұлттық арнасы «Шаңырақ» отбасылық ток-шоуына байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaqstan» ұлттық арнасы «Шаңырақ» отбасылық ток-шоуына байқау жариялайды

22.01.2019
«Qazaqstan» ұлттық арнасы «Шаңырақ» отбасылық ток-шоуына байқау жариялайды

Жоба күн сайын 120 минут тікелей эфирде өтеді.

Жалпы бағыты: негізгі отбасы институтын қалыптастыру, жанұя құндылықтарын арттыру.

Бағдарлама барысында студия қонақтары мен студия көрермендерінің қатысуымен түрлі ойын-сауық, викториналар ойнатылып, эфирде шоу элеметтері көрініс табуы тиіс. Жоба презентациясы  Power Point нұсқасында (web@kaztrk.kz электронды мекенжайы бойынша) немесе қағаз жүзінде (Қонаев к-сі, 4, 14-қабат)  қабылданады. 

Құжатта жобаның жалпы сметасы, бағдарламаның ұзақтығы, жиілігі, мақсат-міндеті, жалпы құрылымы мен қысқаша синопсисі (сценарлық жоба) көрсетілуі керек. Сонымен қатар, өндіруші компанияның жұмыс тәжірибесін нақтылайтын құжат(портфолио) болуы тиіс.

Қосымша ақпаратты 8(717)-2-757-121 нөмірі арқылы ала аласыздар. Ұсыныстар қабылдау 25 қаңтарға дейін жүргізіледі.

Хабарламаларға жазылу