Жоба күн сайын 120 минут тікелей эфирде өтеді.
Жалпы бағыты: негізгі отбасы институтын қалыптастыру, жанұя құндылықтарын арттыру.
Бағдарлама барысында студия қонақтары мен студия көрермендерінің қатысуымен түрлі ойын-сауық, викториналар ойнатылып, эфирде шоу элеметтері көрініс табуы тиіс. Жоба презентациясы Power Point нұсқасында (web@kaztrk.kz электронды мекенжайы бойынша) немесе қағаз жүзінде (Қонаев к-сі, 4, 14-қабат) қабылданады.
Құжатта жобаның жалпы сметасы, бағдарламаның ұзақтығы, жиілігі, мақсат-міндеті, жалпы құрылымы мен қысқаша синопсисі (сценарлық жоба) көрсетілуі керек. Сонымен қатар, өндіруші компанияның жұмыс тәжірибесін нақтылайтын құжат(портфолио) болуы тиіс.
Қосымша ақпаратты 8(717)-2-757-121 нөмірі арқылы ала аласыздар. Ұсыныстар қабылдау 25 қаңтарға дейін жүргізіледі.