Несиені қайта қаржыландыру тиімді ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Несиені қайта қаржыландыру тиімді ме?

22.01.2019

Елбасының «Бес әлеуметтік бастамасындағы» төртінші бағыт шағын несиелерді берудің ауқымын кеңейтуге қатысты. Мәселен, өткен жылы 20 млрд теңге бөлу, әрі шағын несиелеудің жалпы сомасын 62 млрд теңгеге дейін көбейту қарастырылды. Нәтижесінде бұл бастамаға 14 мыңға жуық адам қатысты.

«Бес әлеуметтік бастаманы» жүзеге асыру жұмыстары биыл да жалғасады. Жастардың жеке іспен айналысып, кәсіп ашуларына үлкен мүмкіндіктер жасалады. Шағын несиелеу бағдарламасын 2019 жылы жүзеге асыру үшін мелекеттік бюджеттен 419 млн теңге бөлінбек.

Ал, несие нарығы, қайта қаржыландыру және өзге қызметтер қалай жүзеге асырылады? Қайта қаржыландырудың ерекшелігі неде?

Ол туралы толығырақ «Қаржы кеңесі» айдарынан біліңіз.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу