Әдебиет – асыл өнер. Екі қазақтың бірі сөздің басын құрағанымен, екі қазақтың біріне өлең құсы қонбайды. Өлең де бақ құс секілді талдап, таңдап қонады. Поэзия жастарға тән.
Ақындық өнер ме, тағдыр ма? Шығармашылықтың жағымды және теріс жақтары қандай? Студияға келген қалам иесі Ақжол Түменбай өз ойымен бөлісті.
«Әдебиет – ардың ісі. Сөздің қасиеті өте үлкен мен үшін. Белгілі бір өлең жазғанда ол оқырманның жүрегінен орын таба ала ма деп ойлаймын. Өлеңнен адамдар көптеген рухани қажеттілікті алуы мүмкін. Әрине, кемшіліктер бар ма деп қорқасың.
Өскен жерім – ауыл. Әкем тракторист. Анам үй шаруасында. Ақындық ананың сүтімен беріледі. Анамның айтуынша, апаларымның ақындық қасиеті болған. Алғашқы өлеңдерімді жоғалтып алдым. 7-ші сыныпта өлең жаза бастадым. Алғашқы өлеңім махаббат әсерінен. Басыма түскен жағдай жүрегімнен өлең шығарды.
Бұл қасиет өте ауыр. Бір нәрсеге тап болғанда адамда беймәлім қасиет пайда болады. Мендегі жағдай көмейімнен өлең шығарды ма, білмеймін. Оны ешкімге айтқым да келмейді. Тағдыр дегім де келмейді. Ақындық таңдау болса таңдамас едім.
Бұл тылсымды белгілі ақындар түсіндіріп бере алар. Ал мен үшін бұл қасиет түсініксіз», - дейді жас ақын.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
