Тарихи кино түсіру үшін қандай қадам жасалу қажет? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тарихи кино түсіру үшін қандай қадам жасалу қажет?

22.12.2018

Біздің режиссерлерге көптің көңілінен шығатын туынды түсір десең, алақан жайып, мөлиіп қалатын дағдысы бар. Тарихы терең, еңбегі ерен ерлер туралы шығармаларға қақпайласаң да, біздегі мамандардың біразы баспайды. Неге? Өйткені, ол табыссыз сала дегенді саналарына біреу саңғытып кеткен. Тиісінше, неғұрлым жеңіл, арзан күлкі мен қолжаулық болған қарапайым сценарийді алып, жарнамасын «жарып» жасасақ пайда табамыз деп ойлайтындардың қатары сиремей тұр. Қайтпек керек? Замандастардың «әлемге ат мінуді үйретіп алып, өзіміз ұмытып қала жаздаппыз» деген қағытпасы шығып еді. Сол айтпақшы, тұтас ғалам, үйдегі балаң ұлтыңның ұлы екенін ұғынсың десең терең тарихи туындыға баруға тура келеді. Ахаң айтпақшы, «ел бүгіншіл, біздікі ертеңгі үшін», деп іске кірісетін жанашыр аз болса, бұл салаға мемлекет кірісуге мәжбүр болады. Өйткені, өткенін түгендемеген ұлттың келер күннен алар сыбағасы кем келеді. Тек бюджеттен қаржы бөлдім екен деп, тарихи туындыға білгенін істеуге ешкімнің құқығы жоқ. Кинорежиссерлер екі жыл бұрын базынасын жеткізіп еді.

Қазіргі ахуал қалай? Министрлік ауқымы кең, айтары алапат туындыларға тұмсығын тыққанды қойды ма? Өткенімізді жаңғыртып, өшкенімізді жандыру үшін қандай қадамдар жасалмақ?

Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу