Елді дүрліктірген Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов желтоқсанда Сенаттағы Үкімет сағатында «енді отандастар бірін-бірі аңдып, айыбын бетке басса, ақша төлейміз», деген сыңайда сөйледі. Яки, бір адамның тәртіп бұзғанын көрсек, дереу оны телефонға түсіріп алуымыз керек екен. Сол бейнежазбаны арнайы бағдарламаға жіберсеңіз, әлгі әшкере болған тәртіп бұзушыға айыппұл салынады. Сол ақша төленгенде оның 50 пайызы мемлекетке, 40 пайызы бейнежазбаға түсіріп алған адамға, 10 пайызы отандастардың бірін-бірі аңдуы үшін бағдарлама дайындаған компанияға жіберіледі. Министр ұзақ ойланғанын, Канада, АҚШ, Австралияның тәжірибесін зерттеген айтты. Айтпақшы, Қазақстан халқының 78 пайызында, яки, 14,2 миллион адамда ұялы телефон бар десек, аталған жоба іске асса, адамның адамды аңдуы артқалы тұр. Елге енгізілуі мүмкін бұл өзгеріс туралы біз бүгін заңгерлер мен қарапайым елдің пікірін жинадық.
Еркін СЪЕЗҰЛЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
