23 желтоқсанда Алматы қаласында «Шаншар» әзіл-сықақ театрының мерекелік кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

23 желтоқсанда Алматы қаласында «Шаншар» әзіл-сықақ театрының мерекелік кеші өтеді

21.12.2018
23 желтоқсанда Алматы қаласында «Шаншар» әзіл-сықақ театрының мерекелік кеші өтеді

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасына «Шаншар» әзіл-сықақ театрының директоры Уәлибек Әбдірайымов пен аталмыш театрдың актері Дәурен Әбиев келді.  

Уәлибек Әбдірайымов: «Алдағы өтетін концертте мектептегі ішкі келеңсіздіктер, жекеменшік бала-бақша, сауда деп туған-туысын ұмыту, ардагерлерді құрметтеу сияқты мәселелерді көтердік.

«Қазір театрды кім көреді? Қарапайым халық қана. Министрлер, депутаттар көрмейді.

Эстрададағы әндер мен әзілдерді талдап, талапқа сайларына лицензия беру керек. Сосын концерттердің билет құнына 0-2000 деген сияқты шкала қою керек»,- деп өз пікірін білдірді «Шаншар» театрының директоры.

Дәурен Әбиев: «16 желтоқсанда Астанаға барып қайттық. Шуға барып, концерт бердік. 23 желтоқсанда Алматыда, 30 желтоқсанда Шымкентке кеш береміз»,- деп ағынан жарылды жас актер.

Хабарламаларға жазылу