Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасының эфирге шыққанына - 26 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін «Таңшолпан» бағдарламасының эфирге шыққанына - 26 жыл

14.12.2018

Ұлттық арнаның 26 жылдық тарихы бар «Таңшолпанның» тарихынашолу жасайық. Қазақ телевизиясында ширек ғасырдан астам тарихы бар тұңғыш таңғыбағдарлама 1992 жылдың 14 желтоқсанында эфирге шыққан еді. Апта басыдүйсенбіде жұртқа жол тартқан жоба негізін қазақтың заңғар жазушысы, кәсібижурналист Шерхан Мұртаза қалады. Араға апта салмай Шерхан Мұртаза бағдарламаға«Таңшолпан» деп атау беріп, ұзақтығын екі сағат етіп белгілейді. Осылайша,алғашқы бағдарламаның тізгінін Лаура Юсупжанова мен Иманбай Жұбайға табыстайды.

«Таңшолпан» - қазіргі журналистиканың өміршең жобаларыныңбірі. Оның тұрақты эфирге шығып, өз аудиторясын қалыптастыруына бағдарламаныңалғашқы шығармашылық тобы көп еңбек сіңірді. Өкінішке қарай, кейбір аға буынәріптестер қазір арамызда жоқ.

 

 

Бүгінгі «Таңшолпан» төрінде Ұлттық арнаның төл жобасының ардагерлеріжурналист Жанар Шәмел, Нұрлан Оразғалиев, Райхан Рахметова қонақ болып,бағдарламаға қалай келгендері және қызықты сәттерімен бөлісті.

 

Жанар Шәмел:

Әрқайсымыз үшін «Таңшолпанның» орны ерекше. Біз бағдарламағатұңғыш рет 16 жыл бұрын келдік. Ол кездегі және қазіргі «Таңшолпан» жер менкөктей. Қазір өзгерістер көп. Заманауи бағыттағы өсу байқалады.

 

Райхан Рахметова:

Әл-Фараби атындағы университеттің соңғы курстары еді. Ұлттықарнада тәжірибеде жүрдім. Сол аралықта тілшілерге арналған кастингте өтіп, озықшықтым. Осылайша, тележүргізуші болдым.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу