Ономастиканың біздің елдегі ахуалы қалай? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ономастиканың біздің елдегі ахуалы қалай?

08.12.2018

Ономастика туралы айтпас бұрын бұл түсініктің түбіне үңіліп көрейік. Жасыратыны жоқ, қазақтың жеріндегі қала мен ауданға, ауыл мен көшеге қазақтың атын берейік десе белдесе кететіндер көп. Тап бір тұқымы сол ауысқан атпен тарих қойнауына кетердей шала бүлініп шығады. Бүгінге дейін Қазақ елінің түкпір-түкпірінен талай шу шықты. Арызданып қол жинап, жинағанда да мол жинап жергілікті шенеуніктердің табалдырығын тоздырып, өткеннің сарқыншағын әлі күнге талғажау еткен тәлпіштер толы болды. Оларға салсаң кеңестік кезеңде көппен кеңеспей қойған көше мен кенттің аттарын өзгерткісі жоқ. Бодандықтың бұғауын баяғыда бұзып шыққан қазақтың батыры мен ақынының аты берілсе, тұрғылықты жерлерінің астынан су шығардай безілдейтін ескіліктің елесімен жүргендер көп. Соларға айтайын, ономастика тек бізге емес, тұтас әлемде тән. Бұл түсініктің 11 бағыты бар. Басқасын былай қойғанда, антропонимика адамның аттарын, зоонимика жануарлардың есімдерін, теономикасы Құдайлардың аттарын зерттейді. Көк пен жердегі атауды көп сөзге салмайтын ономастиканың біздің елдегі бүгінгі ахуалы қалай? Арыстан өз тауынан аң ауламас демекші, өзімізден бөлек өзгелер ат ауыстыруда қандай тың тәжірибе қолданады?

 

Азамат БЕЙБІТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу