Айгүл Иманбаева: Бүкіл өмір әлеуметтік желімен шектелмейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Айгүл Иманбаева: Бүкіл өмір әлеуметтік желімен шектелмейді

06.12.2018

Әлеуметтік желіге қанша уақытыңызды арнайсыз? Бүгінгі күні инстаграм үшін киініп, тамақ істеп, тікелей эфирге шығып, боянатын жандар аз емес. Сіз соның қатарындасыз ба? «Shanyraq»-тың бүгінгі тақырыбы – «Инстаграмсыз өмір жоқ».

Әнші Айгүл Иманбаева студия қонағы болып, өзінің ой-пікірімен бөлісті.

«Менің әлеуметтік желіге келуіме Алтынай себепкер болды. Өнерде жүрген соң инстаграмм парақшасын тек жұмыс үшін пайдаланамын. Парақша шығармашылыққа тола болу керек. Балам мен анамды көп сала бермеймін. Жұмыс кестем тығыз болған соң, әлеуметтік желіде отыруға уақытым жоқ.

Әріптестерім сұрап жатса, солардың шығармашылықтарына қатысты дүниелерді саламын. Бүкіл өмір әлеуметтік желімен шектелмейді», - дейді өнер иесі.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу