Бүгін Астанада Қазақ интернетінде контент жасаушылардың дәстүрлі III форумы басталды.
QAZFORUM - қазақ тілді онлайн-медианы, онлайн-ресурстар мен digital-коммуникацияларды дамыту мәселелеріне арналған елордадағы жалғыз әрі тиімді алаң. Мақсат – қазақтілді сапалы контентті арттыру және қазақтілді ғаламтордың көкейтесті мәселелерін шешу жолдарын іздеу.
Шараның ашылуына қатысқан ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев бүгінде баспасөз беттерін парақтап отыратын оқырман мен мобильді қосымшаларды жиі пайдаланатын оқырмандардың қалыптасқан атап өтті.
«Әлем бір орында тұрған жоқ, түрлі сала жан-жақты дамуда. Сол себепті аудиторияны қызықтыратын контент, оқырманға тартымды портал қалыптастыру заман талабы. Қазір қазақтілді сайттардың өз бағыты қалыптастасып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Көшке ілесіп, алға жылжып келе жатқан сайттардың заман талабына сай дамып отыруы заңды құбылыс. Бұл да қазақтілді сайттардың бәсекеге қабілетті екендігінің тағы бір айғағы», - деді министр.
Осы орайда «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Қазақстан» телерадиокорпорациясының да қазақ интернетінде контент жасаушылардың бірі екенін атап өтті.
«Қазақ интернеті саласында не өзгерді, не жаңалық болып жатыр, осыны талқылау мүмкіндігі пайда болғандығы қуантады. Бұл кездесуіміздің өзі қазақ интернетінің қарқынды дамуының көрінісі. Бүгінде телевизия немесе интернет деп бөлуге келмейді. «Қазақстан» телерадиокорпорациясы да қазақ интернетінде контент жасаушылардың бірі. Біздің өнімдерімізді xалық әлеуметтік желілер арқылы қалай қараса, «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасы арқылы да еркін тамашалай алады. Бұл қосымша шілде айында дайындалды. Осы 4-5 айдың ішінде 500 мыңнан астам адам жүктеп алды. Яғни, қазақтілді аудитория бүгінгі таңда интернеттегі негізгі тұтынушылардың бірі болып отыр», - деді Басқарма төрағасы.
Форум демеушілері: «Air Astana», Kcell, Kaspi.kz
«Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын жүктеу
QAZFORUM-2018 Тікелей трансляция
Фото: Нұрбек Әлманбетов