«Qazaq Radiolary». «Дала антологиясы» атты жинақ бойынша арнайы бағадарлама шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaq Radiolary». «Дала антологиясы» атты жинақ бойынша арнайы бағадарлама шығады

23.11.2018

«Qazaq Radiolary» ЖШС бас директоры Құрманбек Жұмағали «Таңшолпанның» қонағы болды.

Құрманбек Жұмағали:

Елбасы осы уақытқа дейін Төртінші өндірістік революцияға байланысты бағыт-бағдарымызды көрсетіп берген еді. Енді өткенімізді түгендеп, тарихи жетістіктерімізді ұрпақтан ұрпаққа жеткізу үшін «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялап отыр. Бұл мақалаға халық қуанды деп есептеймін.

Бұл мақалада «Архив-2025», ұлы тұлғалар сериясы, дала фольклорының антологиясын жасау деген жақсы бағыттар бар. Елбасының барлық саясатын елге насихаттау жұмыстарын бастап кеттік.

Келесі дүйсенбіден бастап «Дала антологиясы» атты жинақ бойынша арнайы бағдарлама шығатын болады. Бұл антологияның басты мақсаты – алтын қордағы ертегі, аңыз-әңгімелер, дүниені халыққа жеткізу.

Қазір технология дамыған, жастардың тыңдау стилі басқаша. Сондықтан ақпаратты заманауи, ыңғайландырып жаңа форматта береміз.

Мемлекеттік бастамаларды халыққа жеткізу мақсатында қысқа метражды бағдарламаларды көбейтсек деген ойдамыз.

Одан кейін ата-апа, аға-әпкелеріміз радионы сүйіп тыңдайды. Өтініштер бойынша аңыз-әңгіме, ертегілер беріледі.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу