«Қазақстан» РТРК» АҚ  деректі фильмдер мен телехикаяларға байқау жариялайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ  деректі фильмдер мен телехикаяларға байқау жариялайды

23.11.2018
«Қазақстан» РТРК» АҚ  деректі фильмдер мен телехикаяларға байқау жариялайды

«Қазақстан» РТРК» АҚ  2019 жылға арналған көшпенділер өркениетінен бастап тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен дамуына дейінгі еліміздің тарихы туралы жаңа деректі фильмдер мен телехикаяларға байқау жариялайды. Сонымен қоса, байқауға қазақ фольклоры жайында, Қазақстанның қасиетті орындарын таныстыратын, тарихи тұлғалардың өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелейтін жобалар қатыса алады.

Байқауға қатысушы компания арнайы синопсис және презентация жолдайды (көлемі 2 беттен кем емес, шрифт Times New Roman, өлшемі-12, қазақ-орыс тілдерінде).

Сонымен қатар, концепция ауқымы мыналарды қамтуы керек:

жобаның атауы, мақсаты мен міндеті, көлемі, ұзақтығы және шығарылым саны, жанры, шамамен сметалық шығыны, техникалық жағдайы, мамандарының біліктілік құрамы. Ұсыныстарды қарау барысында осы тектес өндірісте тәжірибесі бар компанияларға басымдық беріледі.

Байқау үш кезеңмен өтеді:  

  1. кезең: Талапқа сай келетін өтініштерді бастапқы қабылдау;
  2. кезең: Сарапшылар комиссиясының өтініштерді іріктеуі.
  3. кезең: Көркемдік кеңесте іріктелген өтініштерді қарау және жеңімпаздарды анықтау. 

Өтініштер 2018 жылғы 15 желтоқсанға дейін kaztrk@kaztrk.kz эл. поштасы арқылы қабылданады.

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу