22 желтоқсанда «Өнер қырандары» театрының 10 жылдық есеп беру кеші өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

22 желтоқсанда «Өнер қырандары» театрының 10 жылдық есеп беру кеші өтеді

19.11.2018

«Өнер қырандары» театрының актерлері Алматы студиясының қонағы болды. Актер Сырымбет Бибосынов, Әнуар Шымырқұлов өнердегі, өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Өнер қырандары негізі 2007 жылы құрылған. Бірақ 2008 жылдан бастап театр ретінде жұмыс істей бастадық. Біздің ұжым болып құрылуымыздың өзі қызық.

Әзіл жасау, оны халыққа жеткізу оңай емес. Сапалы әзіл жасауға тырысамыз. Қанша хит болса да бір қойылған әзілді қайта қойғымыз келмейді.

Есеп беру кешінен бұрын елге гастрольдік сапарға шығамыз. 3 желтоқсаннан бастап Семей қаласына аттанамыз, одан кейін Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау, Жаңаөзен, Жаркент, Алматы қаласында,  24 желтоқсанда Астанада өткіземіз», - дейді өнер иелері.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу