«Томирис» киносының бас кейіпкері Альмира Тұрсын: Фильмге түсу туралы ұсынысты бірден қабылдадым - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Томирис» киносының бас кейіпкері Альмира Тұрсын: Фильмге түсу туралы ұсынысты бірден қабылдадым

09.11.2018

«Tungi Studio» бағдарламасына «Томирис» киносының бас кейіпкері - Альмира Тұрсын келді. Жақында ғана түсірілім жұмыстары аяқталған кино алдағы уақытта көрсетілімге шығатын болады.

Бұл - Альмираның алғашқы  рөлі. Бұған дейін бірнеше мәрте киноға шақырылғанымен, өз келісімін бермеген. Ол уақытын отбасына арнағысы келген. 

Бірақ, «Томирис» фильміне түсуге ұсыныс жасалғанда, бірден келіскенін айтты. Ол аталмыш киноның өзіне таңсық болғанын атап өтті. Қалада өскен қыз осы кинода алғаш рет атқа отырған. Тіпті түсірілім алаңында аяғын сындырып алған. Бірақ, мұның ешбірі де оны өз мақсатынан тайдыра алмаған.

Айта кетейік, фильмде кішкентай қыздан айбынды жауынгерге айналған, жақындарынан айырылып, сатқындардан өшін алған және сақ тайпаларын өз билігі астында біріктірген арудың тағдары баяндалады. 

Туындыны Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Сатайфильм» киностудиясымен бірігіп түсірген.

Хабарламаларға жазылу