Рашид Ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» атты туындысының тұсауы кесілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Рашид Ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» атты туындысының тұсауы кесілді

02.11.2018

1316 жылы Парсы тілінде жазылған Рашид Ад-Диннің «Жамиғ ат-Тауарих» атты 5 томнан тұратын кітабы Ортағасырлық тарихи әдебиеттің, аса маңызды ескерткіштердің бірі саналады. Ол жылнама жинағында ертедегі Моңғолия, Шығыс Түркістан, Иран, Орталық Азия, Кавказ мемлекеттерімен халықтар туралы құнды тарихи деректер бар.

Ал, 19-шы ғасырдағы танымал ғалым, энциклопедист Бекасыл Биболатұлының «Зикзал» атты  қостомдығы Ислам дінінің қағидаларын, Құран тәпсірлерінің мағынасы мен құпияларын, Хадис ілімдерінің қасиеттерін, Пайғамбарлар тарихына қатысты деректермен танысуға мүмкіндік береді.

Бұл басылымдардың ең басты ерекшелігі – ортағасырдағы әлемнің ешбір халықтарында болмаған ғылыми еңбек болып саналады.

Аталмыш еңбектер 700 жылдан кейін түпнұсқадан қазақ тіліне аударылып, жан-жақты түсініктеме берілген. Халықаралық түркі академиясы басып шығарған кітаптардың тұсаукесері Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті кітапханасында өтті.

Тарихи танымдық туындылар ұлт руханиятына қызмет ете беретіні сөзсіз.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу