Әнші, бұрынғы «Нұр-Мұқасан» тобының әншісі Мұқасан Шахзадаев Ұлттық арнаның «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.
«Астана – бас қала. Бірақ, Алматы - бала күнгі арманым. Елордамызға бала-шағамен келіп тұрамыз.
1 қарашада қазақ эстрадасының мақтанышы Жеңіс Сейдолланың шығармашылық кеші өтеді. Сол кешке шақырту бойынша келдім.
Өмірдің ағынымен Нұрлан екеуміз жеке шығармашылықпен айналысуға кеттік. «Нұр-Мұқасан» бренд болып қалды. Көп адамдар мені әлі де «Нұр-Мұқасан» дейді. Ол есім қалыптасқан, оны өшірмейміз де.
Бизнеске шорқақпын. Продюсер емеспін. Өнерде кейінгі інілеріме көмек беремін. Алматыда студия аштым. Сол студиядан сапалы әндер, талантты жастар шығады деп ойлаймын», - дейді әнші.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.